26 Сәу 2021
Іс-шара

КММ «Болашақ» Мектеп парламентін сайлау күні өтті

22 сәуір 2021 жылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Майкөтов атындағы негізгі мектебі» КММ «Болашақ»  Мектеп парламентін сайлау күні өтті. Ереже бойынша мектеп парламентінің кандидатына 5-8 сынып белсенді, жақсы оқитын оқушылары бола алады.  Мектебімізде екі кандидат тіркелді: Тілеубергенова Перизат – 8 сынып оқушысы және Ахмедова Нина – 8 сынып оқушысы. Барлық үміткерлер өзін өзі басқаруын басқаруға лайықты.

Сайлауға жалпы 5-9 сынып оқушылары және мектеп ұжымы 46 сайлаушылар қатысты. Сайлау белсенді және қызықты өтті.  Сайлау нәтижесінде Тлеубергенова Перизат – 22 дауыс, Ахмедова Нина -24 дауыс жинап, Мектеп парламентінің президенті болып сайланды.

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар