Мектеп оқушыларын тамақтандыру жұмысы ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылдың 31 қазанындағы №598 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдатрыу үшін жағдайларды қамтамасыз ету тәртібін орындау мақсатында мектепте тамқатану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия айына бір рет мониторинг жасап акт толтырады. Ыстық тамақпен оқушылардың қамтамасыз етілу жауапкершілігі сынып жетекшілерге және әлеуметтік педагогқа жүктелген. Мектебімізде ыстық тамақпен 1-4 сынып оқушылары және де толық емес, көп балалы, қолайсыз отбасынан шыққан балалар қамтамасыз етілген. Мектепте бекітілген кестеге сай мектеп асханасында бір мезгіл ыстық тамақ беріледі. Күнделікті оқушыларға берілетін тамақ белгіленген ас мәзіріне сәйкес әзірленеді.
Мектеп асханасы талапқа сай жұмыс жасайды. Асханада комиссия тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып, үнемі қадағаланады. Асхананың тазалығы санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай. Асхана қызметкері санитарлық-гигеналық нормаларды сақтайды. Шикізат өнімдері дұрыс сақталады.
10 Маус 2024
Іс-шара
Мектеп тамағы

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
